Петропавлда пышақ жарақатын алған жігітке қан керек

Петропавлда екі ер адам жанжалдасып, бірі екіншісін пышақтап тастаған. Салдарынан 1986 жылғы жігіт ауыр халде ауруханаға түсті. Ол екі литр қан жоғалтқан, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 25-ші қыркүйек күні болған. Пышақ жарақатын алған жігіт қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы хабар №1 полиция бөліміне де келіп түскен. Зардап шеккен ер адам Тимирязев ауданының тұрғыны болып шықты. Ол Тауфик Мұхмед-Рахимов көшесіндегі аулалардың бірінде белгісіз ер адаммен сөзге келіп қалған. Сөйтіп, қарсыласы жанжал барысында оны пышақтап тастаған. Суық қару науқастың мойны, иығы және кеуде қуысына тиген.

Қазіргі 1986 жылы туған жігіт ауыр халде, ауруханада жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ол екі литр қан жоғалтыпты. Осыған байланысты әлуеметтік желілерде оған қан керек деген хабарландыру таралды.

Аталмыш оқиғаға қатысты Qazaqstan Media редакциясы СҚО полиция департаментіне сұрау жолдады. Редакцияға келіп түскен ақпарат бойынша, оқиғаға қатысты екінші тұлға анықталмаған.  Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: СҚО жолдарын қыста күтіп ұстауға 2 млрд теңгеге жуық қаржы қажет

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x