Қоғамдық орындарда боямуен онлайн есірткі дүкендерін жарнамалаған облыс тұрғынына қатысты сот үкім шығарды. Ол енді заңсыз әрекеті үшін 10 жылын түрмеде өткізетін болады, деп жазады Qazaqstan Media облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер соты «С» есімді азаматқа қатысты істі қарады. Ол  Петропавл қаласында психотроптық заттарды заңсыз жарнамалаумен айналысқан. Айыпталушы адамдардың жаппай жиналатын орындарда- тұрғын үйлердің аулаларында, Мәңгілік алау мемориалында, театр маңында бүріккіш бояумен интернет-дүкендердің атауларын жазып таратқан. Сонымен қатар, ол қала аумағында психотроптық заттарды заңсыз тарату фактісі бойынша да кінәлі деп танылды.  Сот  мән-жайды толық саралай келе, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың баламаларын заңсыз насихаттау және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Аталған баптың санкциясы үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Тағы оқыңыз: СҚО элеваторлары 47 пайызға толық

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *