Петропавлда электронды браслетпен жүрген сотталған қаладан кетпекші болған. Оны пробация қызметкерлері қала сыртында тоқтатып, ұстап алды. Қазір сотталушының жазасы, қатаң түрге ауыстырылды, деп жазады Qazaqstan Media.
Сотталған осыған дейін бас бостандығын шектеу туралы үкім қабылданған болатын. Ол пробациялық есепте тұрған, мамандар оның жүріс-тұрысын қызметкерлер электронды браслет арқылы бақылап отырған. Алайда бір күні инспекторлар браслеттен сигналдың жоғалғанын аңғарады. Олар бірден сотталғанды тұрғылықты мекенжайын барады. Кейін оны достарымен қаладан кетпекші болған сәтте ұстайды. Ол электронды браслетті зақымдап үлгерген.
«Кейін анықталғандай ол басқа қалаға кетпекші болған. Ол осыған дейін де бірнеше рет тұрғылықты мекенжайынан кетіп қалуға талпынған. Сот міндеттерін орындамады. Пробация қызметкерлері сотқа оны қамауға алу туралы материалдарды жіберілді»,-деп хабарлады ҚАЖ депаратменті.
Жыл басынан бері облыс бойынша 122 есепте тұрған сотталғанның жазасы қатаңдатылып, қамауға алынды. Оның ішінде электронды браслетті бүлдіру де бар.
Тағы оқыңыз: Колледж студенттеріне жаңа заң түсіндірілді