Петропавлда пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар үшін әлеуметтік-құқықтық бағыттағы іс-шара өтті. Оған 500-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Мақсат бір — сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды қоғамға бейімдеу және өмірлік маңызды мәселелер бойынша жан-жақты қолдау көрсету.

«Қазіргі кезде сотталғандарға тұрмыстағы маңызды әртүрлі мәселелер бойынша тез және сапалы қызметтер көрсетіледі. Прокуратура органдары сотталған тұлғаларға әлеуметтік тұрғыда бейімделу үшін барлық жағдай жасауда. Біз әрбір сотталғанның түзету жолына түскенін және өзін еңбекте, отбасында және қоғамда көрсете алғанына қызығушылық танытамыз», — Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры.

Сонымен қатар, іс-шара аясында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары да таныстырылды. Бұл бағытта «Даму»қорының қызметін айта кетуіміз қажет. Ұйым микро, шағын және орта бизнес өкілдерінің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың тұрақты дамуына жағдай жасап келеді.

«Кәсіпкерлердің негізгі мәселелерінің бірі — несие алу кезінде кепілдіктің жетіспеуі. Осы мәселені шешу мақсатында кепілдендірудің екі құралы енгізілді: кредит сомасы 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға арналған «Кепілдік қоры-1» және қаржыландыру көлемі 7 млрд теңгеден асатын, яғни ірі инвестициялық жобаларға арналған «Кепілдік қоры-2» бағдарламалары», — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ СҚОФ директорының орынбасары Серікбек Сержан.

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қолдау мақсатындағы шарада жұмыс ұсынушылар да төбе көрсетті. Олар арнайы тізімдегі жандармен тілдесті, өздері тарапынан жасалатын мүмкіндіктерді баяндады

Тағы оқыңыз: Евгений Кинцель: «Ата заңға енгізілетін өзгерістердің нәтижесінде құқықбұзушылықтар саны азаяды»

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *