Петропавлда Toyota Camry мен Porsche Cayenne көліктері соқтығысты. Салдарынан кроссовер жүргізушісі рөлге ие бола алмай сол маңда тұрған электр бағанасын қағып өтіп, тұрғын үйге соғылған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы алтыншы желтоқсан күні облыс орталығындағы Жамбыл-Крепостной көшелері қиылысында орын алды. Кешкі сағат ондар шамасында Toyota Camry және Porsche Cayenne автокөліктері бір-бірімен соқтығысқан. Кейін кроссовер жүргізушісі Жамбыл көшесі бойындағы электр бағана мен үйдің қабырғасына соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі медицицналық көмек алу үшін қалалық ауруханаға жеткізілді. Одан басқа медициналық көмекке ешкім жүгінген жоқ. Алдын ала тексеріс бойынша екі жүргізуші де мас болмаған», — деп нақтылады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде аталмыш оқиға бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610 бабы бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасына жөнелтілді.
Тағы оқыңыз: СҚО тұрғыны өрт кезінде екі бірдей көлігінен айырылды