Петропавлда полицейді қорлаған жасөспірім сотталды

Петропавлда полиция қызметкерін қорлап, тіл тигізген жасөспірім жазаланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 2023 жылдың қараша айында болған. Жасөспірім тәртіп сақшысын өзге емес, нақ қалалық полиция бөлімінің ғимаратында қорлаған.

«Осы факті бойынша ҚР ҚК 378-бабы (Билік өкілін қорлау) бойынша тергеу басталды. Іс сотқа берілді. Сот үкімімен жасөспірімнің 1 жыл 8 айға бас бостандығы шектелді», — деп хабарлады облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы Саян Асқаров.

Тағы оқыңыз: Шал ақын ауданынан келген мехбригадалар су басқан 11 үйді жөндеп бастады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x