Петропавлдағы Пестрое көлінің жағалауын абаттандыруды жеке кәсіпкер Кирилл Асташкин серіктесімен бірге қолға алғысы келеді. Ол өз идеясын қала әкімі Серік Мұхамедиевке айтты, деп жазады Qazaqstan Media.

Қала әкімінің кездесуіне келген Кирилл Асташкин Серік Мұхамедиевке облыс орталығындағы жалғыз жағалауды абаттандыру бойынша ойын жекізді. Ол аталмыш демалыс орнында ересектер мен балалар үшін түрлі фестиваль мен би кештерін, мәдени шараларды өткізбекші. 

«Былтыр Пестрое көлінің маңында жазғы дәмхана болды. Бәрін талаптарға сай ұйымдастырдық, су тарттық. Сол жерде түрлі іс шараларды өткіздік. Биыл да соны жалғастырсақ екен дейміз. Ауқамды шараларды өткізу жоспарда бар», — деді кәсіпкер қала әкіміне.  

Серік Мұхамедиевтің қабылдауына Кирилл Асташкин серіктесімен бірге келген. Олар жағажай маңын абаттандыру бойынша жобаларын да көрсетті. Шаһар басшысы спирттік ішімдіксіз демалыс орнын ұйымдастыру идеясын қолдайтындығын жеткізді. Сондықтан, қабылдауына келген жігіттерге конкурсқа өтініш беруді ұсынды.

«Жобаларыңнан креатив көріп отырған жоқпын. Белгілі санитарлық нормалар бар. Мен қаланың дамығанын қолдаймын, бірақ, барлығы нормаға сәйкес болуы керек. Ертең біреу уланып, мәселе туындамасын. Сыртқы келбетті жасаған кезде келісіп отыру керек. Бизнес-жобаларыңызды конкурсқа ұсыныңыздар», — деді қала әкімі.

Былтыр көлді басқарып отырған компания кәсіпкерлерден алаңды жалға алғандары үшін 180 мың теңге алып келген. Бірақ, ешқандай түбіртек бермеген. Бұл алаяқ фактісі болуы мүмкін деп отыр, қала әкімі. Себебі, ақша алатындай оларда негіз болмапты. Сондықтан кәсіпкерге бұл жағдайды толық тексеруге кеңес берді.

Сонымен қатар, шаһар басшысы ТҮКШ бөлімінің мамандарына қаладағы жалғыз жағажайға қатысты байқауды жарияламас бұрын, онымен келісуді тапсырды. Қазіргі кезде көл маңында қоқыс урналары жетіспейді, орындақтардың көбісі сынған. Былтыр бұл жұмыстарға жауапты компания өз міндетін дұрыс орындамаған. Соңында олқылықты қалалық әкімдік жойыпты.

Тағы оқыңыз: СҚО-да алғаш рет ұялы байланыс операторы жауапқа тартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *