Петропавлда ет өнімдерін саудалайтын кәсіпкерлерден пара алған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор сотталды. Экс-шенеунікке 5 млн 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ветинспектор арнайы құжаттары жоқ кәсіпкерлерге ет саудалауға рұқсат берген. Әрине, тегін емес.

«2023 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында Жанарбек Бусурманов қызметтік жағдайын жүйелі негізде пайдалана отырып, тиісті ілеспе ветеринариялық құжаттарсыз «Привокзальный» және «Дария» қалалық базарларында ет өнімдерін көтерме сатып алуды және бөлшектеп сатуды жүзеге асыратын кәсіпкерлерден пара алған. Заңға қайшы әрекет аумақтық инспекцияның жауапты тұлғалары тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді», — делінген СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратта.

Қарамағындағылардың жұмысын жөнді қадағаламаған Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Ақпан Құсайыновта тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оған қатаң сөгіс жарияланды. 

“Инспекторлар қатарында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін олардың жұмысында қызметтік аудио және бейне тіркеуді пайдалану көзделген. Осыған қарамастан, Петропавлдың 7 базарындабарлық 5 инспекторды бейнетіркегіштермен жарақтандыру тек ұсыну қаралғаннан кейін ғана орын алды. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою үшін аумақтық инспекция басшылығына мемлекеттік инспекторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарынжәне мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілген бейнежазбаларға мониторинг жүргізу қажет”, — делінген жазбада.

Тағы оқыңыз: Мектеп бағдарламасына шахмат енгізіледі

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x