Петропавлда пәтер бағасы тағы да қымбаттады

Петропавлда пәтер жалдау құны 45,2%-ға қымбаттады. Ұлттық статистика агенттігі елдегі тұрғын үй бағасы жайлы ағымдағы жағдаймен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Агенттік өкілдерінің мәліметінше, жаңа пәтерлер бағасы жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) мен Ақтау (24,8%) қалаларында әжептәуір көтерілген. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі Семей (31,6%), Қызылорда (30,2%), Ақтау (24,8%), Қостанай (23,2%) және Ақтөбе (22,4%) қалаларында тіркелген. Бұдан бөлек, Көкшетау (45,5%), Петропавл (45,2%), Алматы (43,9%), Ақтау (41,1%) және Қостанай (40,8%) қалаларында баспананы жалға алу құны айтарлықтай өсті.

Тағы оқыңыз: Елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көңіл бөлінуде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x