Петропавлда ер адам өзінің сүйіктісінің ұлын өлтірді. Оқиға отбасылық отырыс барысында болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Оқиға пәтерлердің бірінде орын алған. Бірге ішімдік ішіп, дастархан басында отырғандардың арасында жанжал шығып, соңы қайғылы жағдайға ұласты.
Полицияның алдын ала мәліметінше, 53 жастағы қала тұрғыны жанжал кезінде қолына пышақ алып, азаматтық некедегі әйелінің 46 жастағы ұлына жарақат салған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тағы оқыңыз: Ғ.Мүсірепов ауданында инфрақұрылым қарқынды дамып келеді