13-14 наурыз күндері Петропавлда маңызды екі күндік семинар ұйымдастырылды. Мұндай семинарлар Қазақстанның әр өңірінде өткізілуде. Басты мақсат- әр аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес, даму көрсеткіштерін анықтау. Соған сәйкес, Қазақстанның орнықты даму жолында қандай жетістіктерге жеткенін және әлі қандай жұмыстар атқару керектігін талқылау, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

БҰҰ-ның қабылдаған жобасына сәйкес орнықты даму бағыттары 17 сала бойынша қаралады. Оның ішінде 200 индикатор, яғни көрсеткіш бекітілген. Бұл халықтың әл-ауқатын, ел экономикасының, экологиясының және өзге де негізгі салалар бойынша дамуын көрсетеді.

Петропавлда орнықты даму мақсаттарын оқшаулауға арналған екі күндік семинар басталды

«Семинардың алғашқы күні ОДМ-ды жергілікті деңгейде қалай тиімді іске асыру керектігіне арналады. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2024 жылы қабылдаған арнайы әдістемелік нұсқаулары түсіндіріледі. Қатысушылар топтарға бөлініп, ОДМ индикаторларын өңірдің жағдайына бейімдеу, яғни аймаққа сай қалай жүзеге асыруға болатынын талқылайды», — деп түсіндірді ОДМ жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Нұртуған Оралбаев.

Семинардың екінші күні 2025 жылы БҰҰ-ға ұсынылатын үшінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау мәселесіне арналмақ. Бұл құжатта Қазақстанның ОДМ-ды орындаудағы жетістіктері мен қиындықтары көрсетіледі. Қатысушылар «Ешкім назардан тыс қалмасын» деген басты ұстанымды басшылыққа алып, барлық тұрғындардың құқықтарын сақтау және жағдайын жақсарту жолдарын қарастырады. 2023 жылғы БҰҰ зерттеуіне сәйкес, Қазақстан әлем елдерінің ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан 66-шы орында тұр.

Петропавлда орнықты даму мақсаттарын оқшаулауға арналған екі күндік семинар басталды

«Бұл – жақсы нәтиже, бірақ әлі де шешімін табуы тиіс көптеген міндеттер бар екенін көрсетеді. Мысалы, гендерлік теңдік, денсаулық, білім беру саласында жақсартуды қажет ететін көрсеткіштер, индикаторлар бар. Сонымен қатар, экология саласында да жұмыс істеу керектігі анықталды. Осындай семинарлардың арқасында әр өңірдің даму бағытын айқындай аламыз»,- дейді ҚР ҰЭМ басқармасының бас сарапшысы Қуаныш Садықов.

Петропавлда орнықты даму мақсаттарын оқшаулауға арналған екі күндік семинар басталды

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы №1 қалалық ауруханада медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер дұрыс сақталмаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *