20 қазанда полицияға Петропавлдағы мектептердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Тергеп-тексеру кезінде бұл жалған ақпарат екені анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Хабарды естіген полицейлер мен кинологтар оқиға орнына дереу жетті. Жарылғыш зат болған жағдайда залалсыздандыруға дайын болды. Бірақ, мұқият тексеру барысында күдікті заттар анықталған жоқ.

Тергеу барысында жалған хабарлама таратқан тұлға анықталып, полицияға жеткізілді. Ол — мектептің 14 жастағы оқушысы. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің әрекеті әдепсіз әзіл салдарынан болған.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір ювеналды полиция инспекторлары мен педагогтар жасөспіріммен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау және мұндай құқықбұзушылықтардың қайталануына жол бермеу бағытында барлық қажетті шаралар қабылдануда», — деді СҚО ПД баспасөз қызметі

Айта кету керек, терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін заң бойынша бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу, не айыру түріндегі жаза көзделген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бір аптаның ішінде 2300-ден астам адам ЖРВИ жұқтырған 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *