Петропавлда 14 жасар қызды қатарластары ұрып-соғып, ақша бопсалап келген. Қазір осы оқиғаға қатысы бар алты оқушы анықталып, тергеу жүргізілуде, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, келіп түскен өтініш негізінде тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын бастаған. Сол уақытта кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды.

«Аталған факті 2024 жылдың 31 тамызында тіркелген. Бүгіндері оқиғаға қатысы бар барлық алты оқушы анықталды. Екі кәмелетке толмаған қыз бен төрт заңды өкілге қатысты әкімшілік материалдар жиналды. Ақша бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Белгілісі, оқушы қыздар 14 жастағы қызды үнемі соққыға жығып, ақша бопсалап отырған. Сондай-ақ олардың барлығы бір мектепте оқымайтыны анықталды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы қалалық көпбейінді аурухананың құрылғанына — 60 жыл

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *