Петропавлдағы «Қызылжар» креатив орталығында Ұлыстың ұлы күні ерекше форматта тойланды. Ұйымдастырушылар мейрамға тыңғылықты дайындалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шараның ерекше есте қалған сәті — көрсетілім. Жұртшылық алдына бірінен соң арулар мен жігіттер елге танымал сән дүкендерінің шапандары мен көйлектерін паш етті. «SKO Hub» орталығының қызметкерлері кішкентай ұл-қыздарға арнап виртуалды ойындар ойлап тапқан. Балақайлар 3D көзілдірік киіп, өздерін құдды бір ертегілер әлемінде жүргендей сезінді.
Креатив орталықтың мына бір бөлмесінде қазақи бұйымдар көрмесі қанат жайды. Қол еңбегінен пайда болған дүниелер көздің жауын алады. Таланттардың жұмыстары бір-бірінен асып түседі.
«Шараға бір ай көлемінде дайындалдық. Тұрғындардың көңілінен шығып жатыр деп ойлаймын. Біз мерекені тойлау арқылы цифрлық технологияларға қызығатын жастардың санын арттырғымыз келеді. Алдағы уақытта Бірлік күніне орай түрлі шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», — деді «SKO Hub» орталығының менеджері.
Шараға қас қарайғанша дейін жалғасын табады. Келем деуші жандарға креатив орталықтың есігі айқара ашық.
Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінде тоғызқұмалақтан сайыс өтті

