25 маусым — халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Атаулы датаға орай Петропавлда жаппай жүгіру өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шара 300-ге жуық солтүстікқазақстандық пен қала қонақтарының басын қосты. Аталған сайысты облыстық полиция департаменті ұйымдастырды. Басты мақсат — есірткі қылмысына жол бермеу, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Қатысушылар алдымен денелерін қыздырып, жаттығу жасады. Кейін жарыс жолына шығып, жүгіріп кетті. Олар қаламыздың басты көшелерімен екі жарым шақырымды жүгіріп өтті. Жарысқа еңбектеген жастан, еңкейген кәріге дейін қатысты.
Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны «инвестиция» арқылы 19 миллион теңгесінен айырылды