Петропавлда мүгедектерге арналған би үйірмесі жабылды

Петропавлда мүгедектерге арналған «Үміт» клубы жанынан ашылған спорттық бал биі секциясы қатысушылардың аздығына байланысты жабылып қалды. Бұл туралы Amanat партиясы СҚОФ филиалының қоғамдық қабылдауына жүгінген қала тұрғындары айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

23 жасар Мира Әбитова 2-ші топтағы мүгедек. Ол соңғы жылдары №13 мектепте би өнерімен айналысып келген. Бұл оның дамуына айтарлықтай ықпал еткен. Алайда, аталған секция биыл жабылып қалған. Оны мұндағылар үйірмеге келушілер санының аздығынан деп түсіндірген.

Петропавлда мүгедектерге арналған би үйірмесі жабылды

Бірақ, облыстық мәслихат депутаты Владимир Эрманның айтуынша, оған басқа факторлар да әсер етуі мүмкін. Өйткені, арбада орындалатын спорттық бал биі спортқа емес, мәдениет саласына жатады.

«Секцияда шын мәнінде екі жұп қана бар. Ол жандар үнемі мұнда келіп би билейді. Алайда «Үміт» спорт клубы спорт басқармасына қарағандықтан спорттық бал биі бағыты енді бұл жерде болмайды. Сондай-ақ клубта би жаттықтырушысы жұмыс істей алмайды, өйткені ол — мәдениет саласына жатады. Егер мәдениет басқармасы немесе қалалық мәдениет бөлімі бұл секцияны өз қамқорлығына алса бұл мәселені шешуге мүмкіндік бар», — деді Владимир Эрман.

Петропавлда мүгедектерге арналған би үйірмесі жабылды

Енді бұл мәселені аманаттықтар қолға алды. Аталған проблеманы шешудің бірден бір жолы — қалалық әкімдікке жүгіну. Партия өкілдерінің пікірінше, әкімдік тез арада бұл мәселені шешіп, би үйірмесіне орын табуға көмектесе алады.

«Қала әкімімен, әкімнің орынбасарымен сөйлесіп, ақылдасамыз. Арнайы жабдықтар мен арбалар бар, енді тек орын табу қажет. Қала әкімдігінде мәдениет пен спорт бір бөлімге біріктірілген. Сондықтан мәселені тез арада шешуге болады. Біз аталған проблеманы назарда ұстайтын боламыз», — деді Amanat партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау барысында партия өкілдері мен мемлекеттік органдарға 4 адам жүгінді. Олар 2-ші топтағы мүгедектер үшін жұмыс уақытын қысқарту, мүгедектікті беру процесін жеделдету және гигиена құралдарымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмек сұрады.

Петропавлда мүгедектерге арналған би үйірмесі жабылды
Петропавлда мүгедектерге арналған би үйірмесі жабылды

Тағы оқыңыз: Қытайдың Сиань қаласында СҚО өнімдерінің орталығы ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *