Үшінші шілде күні түнде Петропавлда 80 шаршы метр аумақты шарпыған өрт болды. Ғ.Мүсірепов көшесі 34 В мекенжайында металл контейнерде шыққан от жақын маңдағы қоймаға да тиген, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша өрт үшінші шілдеде сағат 22:25 шамасында шыққан.  Алдымен  Ғ.Мүсірепов көшесі, 34 В мекенжайында орналасқан металл контейнерден өртенеді. Кейін жалын жақын маңдағы қоймаға да тараған.  Өрттің жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау 23:10-да оқшауланып, 23:40-та толық сөндірілді. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері мен 16 техникасы жұмыс істеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Тағы оқыңыз: Елімізде докторантураға құжат қабылдау басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *