Петропавлда «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Байқауға бес жанұя қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер осы күнге дейін жеткен жетістіктері және отбасылары жайлы түсірілген бейнежазбалары бойынша анықталды. “«Отан — отбасыдан басталады». Елдің келешегі — жанұяда өсіп-өнеді. Сондықтан мұндай шаралардың елдің дамуы үшін маңызы зор болып табылады.
Осы ретте байқаудың қорытындысын жария етсек, жүлделі үшінші орынды Тамашовтар отбасы иеленді. Екінші орынға Волощуктер жанұясы жайғасса, бас жүлдені Ахметжановтар отбасы еншіледі.

«Өзім ондаған жыл бойы кикбокспен айналысамын. Қалалық және облыстық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазымын. Екі балам бар. Олар да менің жолымды қуған. Біреуі — каратэмен, екіншісі — футболмен айналысады», -деді байқау жеңімпазы Жанат Ахметжанов.
Отағасы балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. 20 жылға жуық уақыт полиция құрылымдарында еңбек еткен. Айта кету керек, бүгінгі байқауда бірінші және екінші орынды иеленген отбасылар қала намысын облыстық байқауда қорғайтын болады.
Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданының құрылысшылары Ойқаладағы қирандыны демалыс орнына айналдырды