Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні. Мерекеге орай Петропавлдың орталық алаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Әнұран шырқалып, көк туымыз көкке көтерілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

“Мемлекеттік рәміздер туралы” конституциялық заң 2007 жылы қабылданды. Содан бері жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Ту, елтаңба және әнұран — ел халқының рухын, ұлттық салт-санасын, даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер болып табылады.

Мұны салтанатты шарада жиналғандарды құттықтаған облыс әкімі Айдарбек Сапаров айтып өтті.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты тұтасқан. Ту ерлік пен елдіктің символы саналады. Бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғып, тәуелсіздік туы халқымыздың еркіндігін паш етіп, желбірей берсін! Әнұран әрбір қазақстандықты бірлік пен татулыққа үндей берсін! Елтаңбамыз бостандықтың, күш пен жарқын өмірдің символы бола берсін”, — деді өңір жетекшісі.

Тағы оқыңыз: Аптап ыстықта өрт өрши түскен

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x