Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай бірқатар салтанатты және спорттық іс-шаралар өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі ресми әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мерекелік күн аясында орталық алаңда жаппай жүгіру ұйымдастырылады. Спорттық шараның басталуы таңғы сағат 10:45-ке жоспарланған. Ал 11:00-де мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтеді.
Жергілікті тұрғындар мен қонақтар ел бірлігін, патриоттық рухты дәріптейтін бұл шараға белсене қатыса алады. Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстанда жыл сайын төртінші маусымда атап өтіледі. Бұл күні 1992 жылы еліміздің басты нышандары – Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде қабылданған болатын.
Мемлекеттік рәміздер — ел тәуелсіздігінің, тұтастығы мен егемендігінің басты белгілері. Мерекелік шаралар азаматтардың патриоттық рухын көтеріп, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан үй өртенді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *