Петропавлда мектепте оқушыларға балтамен шабуыл жасаған балаға қатысты тергеу аяқталды

Петропавлда қатарластарына балтамен шабуылдаған оқушыға қатысты тергеу аяқталды. Іс прокуратураға жолданды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Петропавлдағы № 4 орта мектептің 9-сынып оқушысы қатарластарына балтамен тап беріп, 3 баланы жарақаттаған болатын. Кейін белгілі болғандай шабуыл жасаған жасөспірім «Депрессия» диагнозымен психиатриялық есепте тұрған екен. Оған қоса мұғалімдердің айтуынша, күдікті құрдастары тарапынан буллингке ұшыраған. Қоғамды дүрліктірген аталмыш іске қатысты тергеу жуырда аяқталды.

«Қазіргі уақытта Петропавлдағы № 4 орта мектеп оқушыларына шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Іс одан әрі танысу үшін прокуратураға берілді. Кейін сотқа  жолданады», — деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлдың құрылыс жоспары қала тұрғындарының талқылауында болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x