Петропавлда «Мектепке жол» акциясы аясында жастар 90 балаға көмектеспек

Петропавлдағы жастар ресурстық орталығының мамандары «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында бүгін 40 оқушыға кеңсе тауарларын табыстады. Оқушыларға мектепке қажет құралдарды жинауға қаладағы қаржы ұйымдарының бірі мен ірі сауда желісі көмектескен, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Диля Балғабаева алты баланың анасы. Ортаншы қызы биыл мектеп табалдырығын бірінші рет аттамақ. Одан өзге мектеп жасындағы тағы үш баласы бар. Төрт баланы оқу жылына дайындау қиын, сондықтан көпбалалы ана көмекке жүгінген.

«Балалар 24 орта мектепте оқиды. Оқулары нашар деп айта алмаймын, мектеп өміріне белсенді араласады. Қыздар биге, ұлдар спортқа жақын. Төрт балам биыл мектепке барады. Оларға оқу құралдарын сатып алуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан қалалық жастар ресурстық орталығына хабарластым. Олар бізге осыған дейін де бірнеше рет қол ұшын созған болатын. Киім-кешек, азық-түлік әкеліп берді. Оқу жылы қарсаңында да көмектесіп жатыр. Ризамын», — дейді көпбалалы ана Диля Балғабаева.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы барысында осы жолы 40 оқушыға кеңсе тауарлары таратылды. Оны сатып алуға демеушілер көмек көмектескен. Сонымен қатар Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин, алдағы күндері аудандарға шығып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға қолдау көрсетпек.

«Ертең біз Қызылжар ауданына барып 50 балаға оқу құралдарын сыйлаймыз. Одан кейін М. Жұмабаев ауданы Надежка ауылына барамыз. Онда 20 оқушыға деп сөмке дайындап қойдық. Ал Петропавлда «Мектепке жол» акциясы аясында 90 баланы қамтымақпыз. Бұл балалардың ата-аналары бізге келіп өтініш жазды, кейін біз әрқайсысының тұрмыс жағдайын тексердік», — деді Дамир Абдин.

Жалпы, жастар ресурстық орталығы 160 солтүстікқазақстандық балаға оқу құралдарын алып беруді жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: Qyzyljar телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x