Петропавлда мектеп мұғалімі мен бас есепші айына үш рет жалақы алып отырған

Петропавлдағы №42 орта мектептің информатика пәні мұғалімі мен бас есепшісі өздеріне ай сайын бірнеше еңбекақы аударып отырған. Бұл туралы ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавлдағы мектептердің біріндегі қаржылық былық ішкі мемлекеттік аудит жүргізу барысында анықталды. Бірнеше айдың ішінде елдегі 36 білім беру ұйымында 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқырылған. Осы орайда министрлік ақшаны ұрлаудың кең тараған бірнеше түрі бар екендігін айтты. Солардың бірі — бюджет қаражатын әдеттен тыс жоғары мөлшердегі сомамен аудартуды қайталау.

«Мысалы, Петропавл қаласындағы №42 орта мектептің бас есепшісі мен информатика пәнінің мұғалімі 2023 жылы айына үш реттен артық жалақы алып отырғаны әшкере болды. Бұдан келген шығын көлемі – 69 млн теңге», — деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Сонымен қатар екі түрлі есепке алу мен еңбекақыны асыра бағалау деректері анықталды. Ол әдісті Ақтөбе қаласындағы № 48 орта мектептің есепшісі қолданған. Құжатта есепшінің жалақысы жылына 700 мың теңгеден сәл артық болса, іс жүзінде оның шотына ай сайын шамамен 3-5 млн теңгеге дейін аударылып келген.

Бюджет қаржысын жымқырудың тағы бір жолы – жалған қызметкерлерге ақша аудару. Құжаттар бойынша жалақы бірнеше адамға жіберіледі. Ал шындығында оны басқа тұлғалар кәдеге жаратып отырған. Мысалы, Қарағандының №33 балабақша кешен-мектебінде ондаған қызметкерге қаражат аударылғанымен, ақшаны екі есепші иемденіп келген. Келтірілген шығын мөлшері – 207,4 млн теңге.

«Мемлекеттен бөлінетін қаражатты басқару саласындағы ашықтық пен айқындылықты арттыру, әлеуметтік салаға арналған инвестицияларды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ аудитті күшейту, қаржылық есептіліктің неғұрлым қатаң және тиімді жүйелерін енгізу мемлекеттік бағдарламаларды жақсартады», — деп түйіндеді ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 344 шағын жинақты мектеп бар

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x