Петропавлдықтар қысты шығарып салды. Масленица мерекесін тойлауға келген тұрғындар үшін орталық алаңда мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавл тұрғыны Анна Берлина орталық алаңда мерекелік іс-шара өтетінін әлеуметтік желіден көрген. Содан көршісіне хабарлап, екеуі Масленицаны тойлауға келіпті.

«Мереке өте жақсы өтіп жатыр. Концерт көңілден шықты. Жасым 62-де болса да, жастармен бірге би билеп, ән шырқап, уақытымды жақсы өткізіп жатырмын», — дейді қала тұрғыны

«Маған бәрі ұнады. Осындай шаралар жиі өтіп тұрса жақсы болар еді», — дейді көршісі Надежда Ефименко.

Петропавлда Масленица мерекесі тойланды

Петропавлда Масленица мерекесі тойланды

Ал мерекені тойлауға келген кішкентай петропавлдықтар үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Екі топқа бөлінген балалар «Көңілді старт» эстафетасына қатысты.

«Біздің топ барлық тапсырмаларды бірінші болып жасады. Сөйтіп, жеңіске жеттік. Сол үшін бізге тәтті сыйлықтар берді», — дейді кішкентай қала тұрғыны Айсұлтан.

Петропавлда Масленица мерекесі тойланды

Тағы оқыңыз: Петропавлда Алғыс айту күніне арналған мерекелік кеш өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *