Петропавлда мас жүргізуші жаяу жүргіншілер көшесіндегі бағанаға соғылған

Петропавлда ішімдікке тойып алып көлік тізгіндеген жас жігіт жаяу жүргіншілер көшесіндегі жарық бағанасына соғылған. Сорақысы сол, ер адамның жүргізуші куәлігі де болмай шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға маусымның 19-ы күні таңғы сағат 7-ден 20 минут кеткенде Қазақстан Конституциясы көшесінде орын алған. «Audi» көлігін басқарған петропавлдық жаяу жүргіншілер жүретін көше бойындағы жарық бағанасына соғылған. 

«20 жасар петропавлдыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен (Жүргізушінің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру) әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Тағы оқыңыз: Шеге терапиясы күйзеліс пен бойдағы қорқыныштан арылуға көмектеседі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x