Петропавлда мас ер адам қоғамдық көлік ішінде 12 жастағы қызға қол көтерді. Автобус ішінде дөрекі сөйлеп, жұрттың мазасын алып, тіпті оқушыны ұрып жіберген тұрғынның үстінен іс қозғалған, деп жазады Qazaqstan Media.
Үшінші қазан күні №2 бағыттағы автобусқа мас күйде екі ер адам мінеді. Олар қоғамдық көлік ішінде балағат сөздер айтып, жолаушылардың мазасын алады. Ал, 12 жастағы қыз құрбысымен есікке жақын жерде отырған. Екі еркек те сол маңға жақындап, түсуіге дайналады. Сол кезде қыз бала оларға ескерту жасапты. Мас болған ер азаматтардың бірі автоубстан түсіп үлгереді, ал екіншісі болса қыздың сөзін көтере алмай, бетінен ұрып жебереді. Оның артынан досы ішке қайта кіріп, сыртқа шығарып алмақ болған, бірақ жүргізуші есікті тез жапқан.
Жолаушылар болған жағдайға бей-жай қарамаған.
«Жарты автобусқа айқайлап балағаттады, енді қол көтеріп жатыр», — деп айқайлайды жолаушылардың бірі.
Ол дереу жедел жәрдем мен полиция шақырған. Қызға алғашқы көмек көрсетілді, ал тәртіп бұзған ер адам жауапқа тартылады.
«Қызға соққы жасаған күдікті анықталып, ұсталып, полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Балаларға қатысты мұндай әрекеттер заңды өрескел бұзу болып есептеледі және ең қатаң жауапкершілікке тартылады. Қазір оқиға толық полиция бақылауында. Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.
Тағы оқыңыз: Петропавлда Есіл ауданының тұрғындары шырша мен қайың көшеттерін отырғызды