Петропавлда мас болып мотоблок басқарған ер адам 20 тәулікке қамауға алынды

Петропавл полицейлері ішімдік ішіп алып мотоблок басқарған 58 жастағы ер адамды ұстады. Қала көшелерінде емін-еркін жүрген оның жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Шілденің 10-ы күні сағат күндізгі үштер шамасында Жұмысшы кентіндегі Побелянск көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мотоблок басқарған 58 жастағы тұрғынды тоқтатады. Кейін оның ішімдік ішкендігі және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ екендігі анықталады. Медициналық куәландыру оның жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде болғандығын көрсетті. Ер адамға қатысты хаттама толтырылды. Енді ол 20 тәулік әкімшілік қамауға алынады.

«Шілденің 9-нан бастап өңірде «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Екі күні ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 574 фактісі анықталды. Осы аралықта көлік құралдарын мас күйінде басқарған 16 жүргізуші ұсталды. 160 жүргізуші жылдамдықты асырса, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған үш жүргізуші тоқтатылды. Сондай-ақ жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдаумен айналысудың екі фактісі тіркелді», — деп атап өтті СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Александр Розбах.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тас жолда үш машина соғылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x