Петропавлда мәдениет үйінің директоры 4 жылға сотталды

Петропавлда мәдениет үйінің директорына қатысты сот үкім шығарды. Экс-басшы 4 жылға сотталды. Оған қоса, бұл іске қатысы бар ішкі аудит департаментінің заңгері, жөндеу жұмысын жүргізген серіктестік басшысы мен сахналық қойылымдарды безендіру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқан жеке кәсіпкер де жазаға тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қалалық сотында мәдениет үйінің директоры Доспанбетова, ішкі аудит департаментінің заңгері Өмірзақов және бюджеттік қаражатты жымқырған серіктестік басшысы Күлтаевқа, сондай-ақ пара берген жеке кәсіпкерг Писаренкоға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Өткен жылдың қазан айында мәдениет үйінің директоры  және ішкі мемлекеттік аудит департаментінің заңгері бірігіп қалалық мәдениет үйінің көрермен залын жөндеу үшін  серіктестік басшысы  Күлтаевпен заңсыз шартқа отырған.

Кәсіпкер жұмысты толық орындамаса да, директор мен заңгер оны қабылдаған. Осылайша үшеуі бюджет қаражатын ұрлап, мемлекетке 7 млн теңгеден астам шығын келтірді. Сонымен қатар Доспанбетова жеке кәсіпкер Писаренкодан орындалған жұмыс актісіне қол қойғаны және сахналық қойылымдарды безендіру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасағаны үшін 454 мың теңге көлемінде пара алыпты.

Сотталушылар кінәні мойындамады. Сот үкім шығарарда олардың жас балалары бар екенін ескерді. Осылайша, мәдениет үйінің директоры Доспанбетоваға 4 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Оның асырауында бір кәмелетке толмаған және үш жас баланың болуына байланысты сот жазаны орындауды 5 жыл мерзімге кейінге қалдырды.

Ішкі аудит департаментінің заңгері Өмірзақов 4 жылға сотталды. Серіктестік басшысы Күлтаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал пара берген жеке кәсіпкер Писаренкоға параның 25 еселенген сомасына тең айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл 11 350 000 теңге. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: Шахтадағы апат тұрғындарды көмірмен қамтамасыз етуге әсерін тигізбейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x