Петропавлда жазғы жастар лагері басталды. «Көшпенділер» атауы берілген бастама қыз-жігіттерді отансүйгіштікке баулуға, еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шара үш күнге созылады. Бүгін ұйымдастырушылар қатысушыларға еліміздегі «Жастар саясаты» жайлы түсіндірді. Айтылған ақыл-кеңес арқылы тыңдаушы тарап мемлекеттік қызмет жайлы түсінік қалыптастырады.

Петропавлда «Көшпенділер» атты жастар лагері басталды
Петропавлда «Көшпенділер» атты жастар лагері басталды

«Бірнеше тренинг өткізіледі. Әуелі қоғамдық ұйымды қалай ашуға болатыны жайлы баяндама оқылады. Сонымен қатар, мемлекет саясаты талқыланады. Лагердің басты мақсаты — жастарды қоғамға жұмыс істеуге баулу»,- деді «Ауыл» партиясының лидері Рүстем Арманов.

Лагер осымен бесінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Шараға өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді 60 жас қатысуда. Мұнда тек баяндама оқылмады. Жастарға саясатқа қатысты бірқатар тапсырма берілді. Үздік атанғандарға сертификат табыс етіледі.

Петропавлда «Көшпенділер» атты жастар лагері басталды
Петропавлда «Көшпенділер» атты жастар лагері басталды

«Мен осы жерге волонтер ретінде қатысудамын. Жұма күні іріктеу семинары өтті. Соның нәтижесінде бүгін осында келдім. Өзім қоғамдық шараларға үнемі қатысып тұрамын. Мұнда жаңа таныс тауып, мол ақпарат аламын»,- деді шараға қатысушы Ажар Сыздықова.

Танымдық бағдарлама ауқымды. Жастарды неше түрлі қызықтар күтіп тұр. Ертең олар табиғат аясында білікті мамандармен кездесіп, мобилография, әлеуметтік желі бойынша дәріс тыңдайды.

Тағы оқыңыз: Сәтсіз маусымнан кейін «Құлагер» ХК-ның құрамы 60 пайызға жаңарған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *