Петропавлда Конституция күні «Ботай» АРТ-галереясы ашылады

30 тамыз – Конституция  күні Петропавлдың орталық алаңында бірнеше мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарлама күндізгі сағат 11-де басталады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда Конституция күніне арналған мерекелік шаралар «Ботай» АРТ-галереясының салтанатты ашылуымен сағат 11:00-де басталады. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысады деп жоспарланған. Ал орталық алаңда кәдесый ретінде еліміздің жалаушылары таратылып, «Ата Заң — тірегім» атты викторина ұйымдастырылады.

Мерекелік концерт сағат 12:00-де басталады. Онда  қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары қала тұрғындары мен қонақтар үшін өнер көрсетеді. Дәл осы уақытта «Алтын Заң аясында» интерактивті ойынына да қатысуға болады. Оны И. Шухов атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырады.       

«Орталық алаңда спорттық іс шаралар да өткізіледі.   Қазақстан халқы ассамблеясы «Салт-дәстүр» облыстық этномәдени фестивалін ұйымдастырады. Сағат 11:00-де «Жас дарын» өнер мектебінде «Қазақстан Конституциясы- халық дауысы» атты концерт пен Конститутция күніне арналған суреттер байқауы өтеді. Ол 3-ші қыркүйекке дейін жалғасады», — деп жазылған қалалық мәдениет бөлімі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Солнечный-2 шағын ауданында биыл жарық мәселесі шешіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x