Петропавлда коммуналдық мекеме қызметкерлерін алдап, несие рәсімдеген алаяқ сотталды

Петропавлда «Коммунхоз Петропавл» ЖШС-ның қызметкерлерін алдап, олардың атына несие рәсімдеген алаяқ үш жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. 28 жастағы ер адам жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесінде өтейтін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еске сала кетейік, 28 жастағы Оразалы Бохоон «Коммунхоз Петропавл» ЖШС қызметкерлерінің сеніміне кіріп, олардың атына несие рәсімдеген. Көп жағдайда ол өзін полиция қызметкері не қайырымдылық қордың өкілі ретінде таныстырған. Осылайша, ол коммуналдық мекеменің жеті бірдей қызметкерін алдап соққан.

Петропавлда коммуналдық мекеме қызметкерлерін алдап, несие рәсімдеген алаяқ сотталды

Петропавл қалалық сотының үкімімен Оразалы Бохоон үш жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Оның мүлкі тәркіленіп, жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады. Сондай-ақ, ол жәбірленушілерге келтірген материалдық шығынды бір ай көлемінде өтеуі тиіс. Әзірге ол 13 млн теңгеден астам соманы құрайды. Себебі, әлі үш жәбірленуші материалдық залалды өтеу бойынша талап аразын бермеген. Яғни, шығын көлемі бұдан да жоғары болады.

Петропавлда коммуналдық мекеме қызметкерлерін алдап, несие рәсімдеген алаяқ сотталды

Үкімді оқыған судья Азамат Әшімов кейін барлығына шығарылған шешімді түсіндіріп берді.

­«Бохоон өз кінәсін мойындады. Сондай-ақ куәгерлерден алған жауаптар мен сот материалдарын зерттеу кезінде оның кінәсі толық дәлелденді. Ол адамдардың сеніміне кіріп, олардың қаржылық және құқықтық сауатсыздығын және билік өкілдеріне деген сенімділігін пайдаланған. Ол қамауға алынбағанда барлығының қарызын төлер едім деп айтқан болатын. Бірақ бұл да бос сөз. Өйткені, оның тұрақты жұмысы болмаған. Ал кредиттердің ай сайынғы төлемін ол өзге адамдарға несие рәсімдеу арқылы жауып отырған. Сондай-ақ сот жазаны жеңілдететін жайт ретінде оның кішкентай балалары барын ескерді», — деді Петропавл қалалық сотының судьясы Азамат Әшімов.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тасқын салдарын жоюға көмектескендер марапатталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x