Қар жауып, қыс жақыдаған сайын Петропавлдық коммуналдық қызметтердің жұмысы арта түсті. Олар күшейтілген режим жұмысына көшті, деп жазады QM тілшісі.

Қарашаның алтысына қараған түні қала көшелерінде механикаландырылған қар тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі қамтамасыз ету үшін жолдарға, аялдамалардың алдына мен жаяу жүргіншілер жолына құм-тұз қоспасы себілді.

Қала жолдарының жалпы ұзындығы 366 шақырымды құрайды. Қыс мезгілінде жүйелі жұмыс жүргізу үшін Петропавл сегіз секторға бөлінген. Сол учаскелер бойынша күн сайын жолдарды тазалау мен күтіп-ұстау жұмыстарына 170-ке дейін техника жұмылдырылады.

Қысқа дайындық аясында бесмың текше метр құм-тұз қоспасы мен 250 тонна көктайғаққа қарсы реагент дайындалды. Қоспа ең алдымен жол қиылыстарына, жаяу жүргіншілер жолына, аялдамалар мен басқа да қауіпті учаскелерге себіледі.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының курсанттары халықаралық турнирде топ жарды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *