«Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы». Петропавлда «Отбасы. Кітап. Кітапхана. тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жас ұрпақтың рухани дамуы үшін кітаптың орны ерекше. Іс-шараға оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар, түрлі сала мамандары қоғам белсенділері қатысты. Тәжірибелі мамандар ұл-қыздарға бар білгендерін айтып берді.

«Бүгінгі іс-шараның мақсаты — отбасы мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту. Кітап оқудың маңыздылығын түсіндіру. Келушілердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Отбасында кітап оқудың маңыздылығын насихаттау», деді Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының бөлім жетекшісі Дамира Жүсіпова.

Қазіргі таңда адамдар бос уақытын смартфонға арнайды. Кітап оқитын жандардың саусақпен санарлық. Дегенмен, жақсы әдет қалыптастыру ешқашан кеш емес. Ересектер алдымен отбасында балаларымен бірге кітап оқып, үлгі болуы тиіс. Себебі, кітап жас ұрпақтың ой-өрісі кеңейтіп, жарқын болашаққа жол ашады.

Бүгінгі шара Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтуі тегіннен тегін емес. Себебі, мұнда балалар да, қария оқырмандар да келеді. Білім ордасындағы кітап қоры 200 мыңнан асады.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданының тұрғыны Роза Құсбекова қазақ асханасының қырықтан астам құпиясын сақтап келеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *