Петропавлда Кеңес үкіметінің төлқұжатымен жүрген азамат анықталды. Тұрғын биыл көктемгі су тасқыны кезінде зардап шегіп, қалалық әкімдікте құрылған арнайы комиссияға жүгінген, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыстық қоғамдық кеңес отырысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жайы талқыланды. Арнайы комиссия құрамына
Қоғамдық кеңес мүшесі Павел Афанасьев та кірген.

«Басында комиссия мүшелері күнде жиналып, құжаттарды қабылдады. Қазір олардың саны едәуір азайды. Негізінен құжаттары дұрыс емес азаматтар жүгінеді немесе комиссия шешімімен келіспеген тұрғындардың арыздары қаралады. Кейбір үйлердің иесін табу қиынға соғып тұр. Комиссияда отырып біраз жәйттің беті ашылды. Қора-қопсыларын ресімдегендер де бар, үйлеріне құжат алмағандар да бар. Тіпті, бізге келген бір ер адамның Кеңес одағының төлқұжатымен жүргені анықталды. Яғни, ол жеке бас құжаттарын ауыстырмаған. Тасқын біраз проблеманың бетін ашты», — дейді Павел Афанасьев.

Тағы оқыңыз: Жастар тәжірбие алмасты: Петропавлда Qyzyljar jastary форумы өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x