Петропавлда «Мейрам» балалар киностудиясы «Кездейсоқ бақыт» қысқа метражды фильмінің түсірілімін бастады. Бұған дейін өңірімізде «Теңге» және «Каникулы» атты фильмдері таспалаған болатын. Отандық кино әлеміне осыдан тура 10 жыл бұрын қадам басқан киностудия қоржынында 2000 мыңнан астам кино туынды бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстан әлемдік тәжірибеде ажырасу бойынша көш бастап тұр. Ресми дерекке сүйенер болсақ, 105 мемлекеттің ішінен 2-ші орынға табан тіреді. «Кездейсоқ бақыт» киносының сценарий авторы Гүлжамал Райымқұлова аталған проблеманы сюжет желісінде қозғап, мәселеге бей-жай қарамауға шақырады.

«Негізгі кейіпкеріміз екі баласымен қалған Дина деген жалғызбасты ана. Фильм соңында ол өз теңін кезіктіреді. Жалпы айтпағымыз, өмірден күдер үзуге болмайды. Шешілмейтін мәселе жоқ», — деді режиссер Нұрлан Жұмадиллаев.

Кино әлеміне тұңғыш қадам басқан Елдана Біржанның бұл алғашқы жобасы. Осыдан екі ай бұрын кастингке қатысып, үздіктердің қатарынан көрінген ол фильмде басты рөлді сомдайды. Жас актриса комедия жанрын жақсы көреді. Ал өнерде әртіс Дариға Бадықованы үлгі тұтады. Елдана болашақта танымал актриса болуды армандайды.

Петропавлда «Кездейсоқ бақыт» кинофильмінің түсірілімі басталды

«Мен бұл кинода Дина деген кейіпкерді ойнаймын. Сол кинода да алтыншы сынып оқушысымын. Және екі жасты үйлендіргім келеді. Бізді кәсіби әртіс дайындады», — дейді жас актриса Елдана Біржан.

«Кездейсоқ бақыт» фильмінде жалпы 11 актер рөлдерді сомдайды. Оның алтауы негізгі кейіпкер. Қысқа метражды туындының көрсетілімі мамыр айының басында өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз:Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселесі СҚО прокурорының бақылауында

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x