Петропавлда көші-қон заңнамасын бұзған мигранттар сауда жасап келген

Петропавлдағы базарлардың бірінде заңсыз еңбек етіп келген Өзбекстан мен Тәжікстанның төрт азаматы анықталды. Олардың біреуі көші-қон заңнамасын бір жыл ішінде бірнеше рет бұзған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтің айтуы бойынша, күн сайын шаруа және фермерлік қожалықтары, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, құрылыс нысандары, базарлар мен шетелдіктердің болуы ықтимал басқа да жерлер тексеріледі. Осындай рейдтердің бірінде заңды бұзған төрт шетелдік анықталды. Оның біреуі талаптарды жүйелі түрде орындамағаны үшін сот шешімімен бес жылға елден шығарылды. Қалғандары екі-үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жеке құжаттарды уақытында дұрыстап тұруға шақырады.

«Қаңтар айының соңында Ақжар аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне отбасылық жағдайына байланысты жеке құжаттары, тіпті туу туралы куәлігі болмаған 37 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Азаматтықты анықтау үшін өзінің туған жері Ресей Федерациясына және осыған дейін тұрған Алматы облысына сұраулар салуға тура келді. Қазіргі уақытта азаматтықты анықтау рәсімі аяқталып, Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау туралы қорытынды енгізілді. Жеке куәлік алу үшін құжаттар берілді», – дейді Талғат Әбілов.

Тағы оқыңыз: 2025 жылы Қазақстанда мал санағы өтеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x