Петропавлда көпбалалы ана өз-өзіне пышақ сұғып алды

Петропавлда 35 жастағы келіншек өз-өзіне пышақ тығып алған. Қазір көпбалалы ана ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Көршілердің айтуынша, көпбалалы ана пәтерде азаматтық некедегі күйеуімен тұрған. Бірақ олар үнемі жанжалдасып, маңайындағыларға тыныштық бермеген көрінеді. Кезекті осындай жағдай қайғылы аяқталған.

«8 қыркүйек күні «102» арнасына 35 жасар қала тұрғыны өзіне жарақат салғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Аталған факті ҚР ҚК 114-бабы 3-бөлігі (Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру) бойынша СДТБТ-ға енгізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал жарақат алған әйелге шұғыл түрде ота жасалған. Қазір жағдайы жақсарып келеді.

«35 жастағы әйел реанимациядан шығарылды. Қазір хирургиялық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Петропавлда 44 жастағы әйел абайсызда өз-өзіне пышақ тығып алып, көп қан жоғалтқан болатын.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда АЭС бойынша референдум туралы сегіз заңсыз сауалнама жүргізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x