Петропавлда соңғы алты күнде көпқабатты үйден өрт шығудың үшінші дерегі тіркелді. Бұл жолы өрт кезінде 16 адам құтқарылып, 23 адам эвакуацияланды, деп жазады Qazaqstan Media.

Жетінші тамызда түнде болған өрт оқиғасы Н.Назарбаев көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде тіркелді.  Екінші қабаттағы пәтердің балконы жанған. Жалын шағын аумақта болғанымен, қою түтін бүкіл үйге тарады. Өрт сөндірушілер отты  мүмкіндігінше қысқа мерзімде ауыздықтағасын, қызыл жалын үйдің басқа орын-жайларына тараған жоқ.

«Сөндіру жұмыстары барысында құтқару қалпақтарының қолданылуы арқылы 16 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылып, 23 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ»,-деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Осыған дейін Петропавлда Молодежная көшесі мен Жамбыл көшесіндегі көпқабатты үйлерден от шыққаны туралы жазған болатынбыз. Екі жағдайда да тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылған болатын.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жаңа вагондар шығаратын нысан қыркүйекте іске қосылады 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *