Петропавлда 45 жастағы көлік жүргізушісі үш жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Жол көлік оқиғасы 14ші шілде күні Рыжов көшесі бойында орын алған. ВАЗ-2112 көлігін басқарып отырған жүргізуші көшедегі кішкентай қызды қағып кеткен. Оқиға салдарынан зардап шегуші жедел-жәрдем көлігімен қаладағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді.

«ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі медициналық тексеруден өтті. Нәтижесінде алкогольді сусын ішпегені анықталды. Қазіргі уақытта  көлік арнайы тұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөліміне берілді», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кішкентай қыздың жағдайы орташа, облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыз:Елімізде су шаруашылығы және ирригация университеті құрылмақ 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x