Көлігіне жалған нөмір тағып жүрген петропавлдық ұсталды. 30 жастағы ер адамды полицейлер заманауи технологиялардың арқасында тез арада анықтап, жауапкершілікке тартты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Көлігіне жалған нөмір таққан азаматты тәртіп сақшылары автоматты түрде тіркейтін бейнежүйелер арқылы анықтаған. Азаматтың тіркеуден шығарылған мемлекеттік нөмірмен жүргені белгілі болды.
«Бейнебақылау инспекторлары және қол астында «Мегакам.Қорғау» бағдарламасы бар патрульдік инспекторлар іздеуде жүрген автокөліктің жүрген жерін қысқа уақыт ішінде анықтады. Көп ұзамай ол Жамбыл көшесінде тоқтатылды. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Петропавлда қосымша интеллектуалдық бейнежүйелер арқылы жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың бес фактісі анықталған.
Ал көлігіне жалған нөмір таққан Уәлиханов ауданының тұрғыны қамауға алынған болатын.
Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық балуандар республикалық сайыста жеңіске жетті