Петропавлда көлік қағып кеткен екі жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 3-ші сәуір күні Назарбаев көшесінде болған. 36 жастағы «Nissan Cefiro» көлігінің жүргізушісі 30 жастағы келіншек пен 6 жастағы баланы қағып кетті. Екеуі де медициналық мекемеге жатқызылды.
Медициналық тексеріс жүргізушінің мас емес екендігін көрсетті. Қазір аталмыш факті бойынша процессуалдық шешім шығару үшін материал жиналып жатыр.
Тағы оқыңыз: Елімізде мамыр айында әскери шеру болмайды