Петропавлда көлігіне жалған нөмір тағып, бірнеше рет жол ережесін бұзған студент қамауға алынды

Петропавлда 21 жастағы жігіт көлігіне жалған нөмір тағып алып, бірнеше рет жол ережесін бұзған. Осы әрекеті үшін студент әкімшілік қамауға алынып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдық студент басқарған Toyota Camry автокөлігі «Мегакам.Қорғау» бағдарламасының көмегімен анықталды. Темір тұлпарына жалған нөмір тағып алған 21 жастағы жігіт қысқа уақыт ішінде 14 рет жылдамдықты асырып, өзге де бұзушылықтарға жол берген.

«Интеллектуалды» бейнекамералардың көмегімен бірнеше рет ереже бұзған тағы бір солтүстікқазақстандық анықталды.

«Тәртіп сақшылары Астана-Петропавл тас жолының бойында Астраханка ауылының маңында Toyota Camry автокөлігін жүргізіп келе жатқан 32 жастағы әйел адам тоқтатты. Ол бірнеше рет жол ережесін бұзған, бірақ келіп түскен хабарламаларды елемеген. Полицейлер жүргізген профилактикалық әңгімеден кейін жүргізуші 380 мың теңгеге жуық сомаға жинақталған айыппұлдарды төледі», — деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.

«Мегакам.Қорғау» бағдарламасы жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған және айыппұлдар бойынша қарыздары, шектеулері бар жүргізушілерді анықтауға көмектеседі.

«Сондай-ақ жүйе жалған мемлекеттік нөмірлері бар көліктерді анықтауға да мүмкіндік береді. Жыл басынан бері СҚО полицейлері «Мегакам.Қорғау» бағдарламасы арқылы 1975 бұзушыны тоқтатты», — деп толықтырды облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында қарттарға құрмет көрсетілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x