Петропавлда күйеуімен арақ ішіп, кейін пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты. Солтүстік Қазақстан облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сутченко Ольганы  кінәлі деп тауып, оны 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады Qazaqstаn Media.

Оқиға 2025 жылдың ақпан айында болған еді. Петропавл қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде Ольга мен Юрий Сутченко спирттік ішімдік ішіп отырып, ұрысып қалған. Кикілжің барысында Ольга күйеуіне бірнеше рет пышақ салып, соның салдарынан Юрий оқиға орнында көз жұмды. Ольга Сутченко сотта өз кінәсін мойындаған жоқ. Оның айтуынша, күйеуі өз-өзіне қол жұмсауға оқталған және ол пышақты өз қолымен ұстаған. Алайда оның бұл сөздерін сотта толық дәлелдей алмады.  

Керісінше, сотта келіншектің сөзін жоққа шығаратын дәлелдер көп болды. Мысалы марқұмның анасы мен бауырлары сотталушының осыған дейін де бірнеше рет күйеуін өлтіруге оқталғанын айтты. Бірнеше рет дене жарақатын салыпты. Сол себепті олар келіндерін заң аясында соттап, материалдық-моральдық шығын өндіруді сұрады.

«Жәбірленуші Т. Г. Григорьеваға  Сутченко Ю. В. 23 ақпан 2025 жылы оған кеудесінің кесілгенін көрсетіп, фотосурет жіберді. Астына «міне, ол маған қайшымен жасады», деп жазған. Бұрын Сутченко Ю. В. сотталушының, яғни Сутченко О. В. жанжал кезінде үнемі пышақ, қайшы, шанышқыны ала жүгіретінін айтқан»,-деп жазылған сот ісінде.

Сонымен қатар, сотта куәгерлік еткен дүкен иесі де, ерлі-зайыптылардың сауда нүктесінен жиі спирттік ішімдік алатындарын айтқан. Ал, сот-медициналық сараптамасын ер адамының өлімі өткір заттан болды деген қорытынды жасады. Оған қоса Ольга Сутченко қамауда отырған кезде камераласына күйеуін өлтірген туралы мойындап айтқан. Ол сөздеріне-аудиожазба дәлел.

Айта кету керек, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жан-жал үнемі болған.  2019 жылы 21-ші қазан күні келіншек күйеуінің денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін сотталған.  Ал, ақпан айындағы жанжал ер адамның өмірін алып кетті. Әйелге сот үкім шығарды.

«Ольга Владимировна Сутченко Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 99-бапта 1-бөлімде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылсын және оған 11  жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазасын орта қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінде өтесін.   Жәбірленушілер Зубачева Анна Ивановнаның, Сутченко Виктор Николаевич, Григорьева Татьяна Геннадьевнаның азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылсын»-деген сот үкімі шығарды.

 Ольга Сутченкодан жәбірленушілердің пайдасына 11 миллион теңгеден артық өтемақы өндіру туралы да шешім қабылданды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда оқушыны мектептен мектепке ауыстыру онлайн жүргізілетін болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *