Петропавлда балалар арасында «JUNIOR CUP» турнирі басталды. Дәстүрлі фестивалге тек еліміздің ғана емес көрші Ресей мемлекетінің Омбы, Корған, Новосібір қалаларынан келген командалары да қатысып жатыр. Биыл турнирге қатысуға ниет білдіргендер саны едәуір артқан. 750-ге тарта бала жастар стадионында жиналды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«JUNIOR CUP» турнирі дәстүрлі. Биыл үшінші жыл қатарынан өтіп отыр. Алғаш фестивалді ұйымдастырғанда облыс орталығында бар болғаны 22 құрама жиналған болатын. Биыл олардың саны 48-ге жеткен.

Петропавлда «JUNIOR CUP» турнирі басталды

«13 қаладан 750 қатысушы келді. 2014 жылдан бастап, 2018 жылға дейінгі балалар қатысып жатыр. Жыл сайын балалар арасында қызығушылық артып жатыр», — дейді жаттықтырушы Райымбек Тұрғынбеков.

Турнирдің жаңа маусымында тағы бір ерекшелік бар. Енді кейбір ойындар ютубта тікелей эфирде көрсетіледі. Фестивалге Ресейден 10-нан астам құрама келген. Сондай-ақ, Қостанай, Тараз Астана, Көкшетау, Қарағанды және Петропавл қаласының футболшылары ойнайды.

Петропавлда «JUNIOR CUP» турнирі басталды

«Менің жасым 9-да. Мен футболмен 4 жылдан бері айналысамын. 5 жасымнан бері. Маған футбол спорты өте қатты ұнайды. Болашақта да осы спорт түрімен кәсіби түрде айналысатын боламын», — деді турнирге қатысушы Асанәлі Базарбаев.

«JUNIOR CUP» турнирі 3 күнге созылады. Фестиваль соңында қатысушылардың ешқайсысы сыйлықсыз қалмайды. Жеңімпаздар кубок, медаль, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтарға ие болады.

Тағы оқыңыз:СҚО полициясы құны 15 млн теңгеден асатын вейптер тәркіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x