Петропавлда бірнеше күннен іздеуде болған 19 жастағы жігіт өлі күйінде табылды. Полицейлер мен еріктілер Ролан Зуевтың жансыз денесін Мещан орманынан тапқан, деп жазады Qazaqstan Media.
Ролан Зуевтың жоғалғаны туралы ақпарат бірінші ақпанда жарияланды. Полицейлер мен еріктілер бірден іздеу жұмыстарына кіріскен. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта, оның 14-ші қаңтардан хабарсыз кеткені жазылған. Ондағы ақпаратқа сенсек, Ролан Зуев қаладағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Кейін туғандарымен байланысқа шықпаған.
Ресми арыз түскен соң полиция бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Анықталғандай ол тубдиспансер жаққа такси шақыртқан. Полицейлер мен еріктілер үшінші ақпанда күндіз Мещан орманында оның денесін тапқан. Денесінде күш көрсету, зорлық белгілері жоқ. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да МӘМС арқылы науқасқа тізе буынын эндопротездеу жасалды


