Петропавлда іздеуде болған 27 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Алдын-ала болжам бойынша, ол суицид жасаған, деп жазады Qazaqstan Media.

12-ші маусым күні Есіл өзені маңындағы тоғай ішінде із-түссіз жоғалды деп, іздеуде жүрген жігіттің денесі табылды. Ол ағашқа асылып қалған.

«Алдын-ала болжам бойынша  суицид жасаған. Қазір аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда»,-деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Петропавлда іздеуде болған 27 жастағы жігіттің денесі тоғай арасынан табылды
Петропавлда іздеуде болған 27 жастағы жігіттің денесі тоғай арасынан табылды

Жігітке іздеу 11-ші маусым күні жарияланған еді. Ол Қызылжар ауданы Петерфельд ауылынан жұмыстан шыққан күйі, үйіне оралмаған. Туғандары бірден дабыл қағып, іздеуге көшкен. Бұл жұмыстарға ат салысқан еріктілердің айтуынша, ол  хат қалдырыпты.

Тағы оқыңыз: Әкелер күні. Ұлттық ұлан офицері – баласының мақтанышы

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *