«Respublika» партиясы жанындағы әйелдер қоғамдастығының белсенділері «Солтүстік әйелдерінің күші»форумы ұйымдастырды. Түрлі сала өкілдерімен кездесті, тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыстық деңгейдегі шараға 100-ден астам азаматша шақырылған. Олар: іскер нәзікжандар, мемлекеттік қызметшілер мен еріктілер. Әртүрлі саланың тұтқасын ұстаған жерлестеріміз жақынырақ танысқысы, тәжірибе алмасқысы келеді.

«Форумға Уәлиханов ауданынан келдім. Күнгейден қоныс аудардым. Қазір мемлекет қолдауының арқасында сұлулық салонына жетекшілік етеді. Үкіметтен грант бөлінді. Сол гранттык арқасында ісімді бастадым. Басында жай шебер едім, қазір өзімнің салоным бар» -, деді жеке кәсіпкер Салихат Анафина.

Әйелдер әр салада кәсіппен айналыса алады. Еңбекқұмар нәзікжандыға білім, тәжірибе мен қаржылац қолдау ұсынылса жеткілікті. Re.Women әйелдер қауымдастығының филиалы жақында ғана ашылды. Соның өзінде бірнеше шара өткізіп, қыз-келіншектерге әртүрлі бағытта жәрдем берген.

«Біз әйелдердің білім алуына күш салғымыз келеді. Кейбірі қайда бару, кімнен ақпар алу қажеттігін білмейді. Соларға көмек көрсетсек және кәсіпкерлік саласына енді келген жандарға демеу берсек дейміз. Жұмысымызды бастағалы әртүрлі жайтқа көзіміз жетті. Біреуінің ақшасы бар, идеясы жоқ, ал біреуінің идеясы бар, ақшасы жоқ. Міне, біз осындай аруларды қолдаймыз»,- деді Re.Women әфелдер қоғамдастығы СҚОФ төрағасының орынбасары Юлия Асқарова

Тағы оқыңыз: Биыл Петропавлда жеті көшенің жолдары орташа жөндеуден өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *