Петропавлда ішімдікке әуес әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Ішімдікке әуес петропавлдық келіншек қызынан айырылып қалуы мүмкін. Полицейлер есепте тұрған отбасылар мен жасөспірімдерді тексеру барысында, әйелдің мас екенін көріп, 16 жасар қызын балаларды қолдау орталығына жіберді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО-да «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ювеналды полицейлер есепте тұрған отбасылар мен жасөспірімдер бойынша рейдтерді күшейтті. Рейд барысында тәртіп сақшылары осыған дейін үйінен бірнеше рет қашып, тәртіп бұзған 16 жастағы қызды тексермек болады. Оның тұрғылықты жері бойынша барғанда, анасының мас екенін көреді. Бірақ, әйел медициналық тексеруден өтуден бас тартты. Мас келіншек өзін-өзі дұрыс ұстамағандықтан, процедуралық шешім қабылданғанға дейін оны қызынан айыруға тура келген. Жасөсіпірім өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылды.

«Қыз бала бірнеше рет үйден кетіп қалып, құқық бұзушылық жасаған. Сол себепті, есепте тұрды. Көбіне ата-аналары ішімдікке салынғандықтан, балалар үйінен қашып кетеді. Рейд барысында барлығы 20 тұрмысы төмен отбасы және есепте тұрған үш жасөспірім тексерілді», – деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы Евгений Скорощеко.

Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі рейдтер тұрақты негізде жүргізіледі.

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданының диқандары гектарынан 43 центнерден астық алуда   

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x