Петропавлда ішімдік ішіп алған әйел 4-ші қабаттан құлап кеткен

Петропавлда 35 жастағы келіншек көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен құлап кеткен. Бір литрден астам қан жоғалтып, үш күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан әйел бүгін есін жиды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Төртінші қабаттан құлап кеткен әйелді көшеден өтіп бара жатқан жандар көріп, жедел жәрдем қызметін шақырған. Келіншек көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Науқастың қан қысымы өте төмен болған. Сондықтан ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Науқасқа лапаротомия жасалды. Ішкі ағзалары тексеріліп, аш ішек пен тоқ ішектің жыртылған жерлері тігілді. Операция кезінде науқас 1200 мл қан жоғалтқан. Осыдан кейін ол үш күн реанимацияда болды. Қазір ол есін жиғанымен, жағдайы әлі ауыр», — деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Науқас ауруханаға түскен кезде мас күйде болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы оқыңыз: Жаңа жылдық тәтті сыйлықты алғанда неге мән беру керек?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *