Петропавлда ірі габаритті қоқыс шығару бойынша арнайы қызмет көрсетілмейді. Бұл санаттағы қалдықтарды тұрғындар өздері қоқыс полигонына апарып тастауы тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қала аумағында тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 5 компания айналысады. Ал жеке тұрғын үй секторында қоқыс шығару жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Қалалық әкімдік өкілдерінің сөзінше, қысқы кезеңде тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша шағымдар көп тіркелмейді. Бірақ, жауапты компаниялардың техникалары істен шығып, жұмыстар тұралап қалған кезде тұрғындардан шағымдар түседі екен.

«Қазіргі уақытта ірі габаритті қоқыс шығару бойынша арнайы қызмет көрсетілмейді. Бұл санаттағы қалдықтарды тұрғындар өздері қоқыс полигонына апарып тастауы тиіс. Сонымен қатар, ірі көлемдегі қоқыс қалдықтарын контейнерлердің ішіне немесе маңайына тастауға қатаң тыйым салынған», — деді Петропавл қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз қызметі.

Заңды бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады.

Тағы оқыңыз: Баянтай ауылында ауыз су мәселесі шешілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *